Арман бауырымның сопылық жайлы уағызы (видео)
Қайрат ЖолдыбайұлыҚайрат Жолдыбайұлы
2 года назад 685
4 комментария
  • Арман ұстазға мынаны айтсақ қалай болады!!!біздің ақидада Пайғамбарымыз( с.ғ.у) миғражда Алланы көрмеген!!!Әбу Һурайра, Абдулла ибн Мәсғуд, Әзірет Айша анамыз іспетті сахабалар : «Миғражда Жаратушыны емес, Жәбірейіл періштені көрген еді»[8], - деп отыр. Әсіресе, Айша анамыз: «Миғражда Алланы көрді» дегендерді қатты сынға алған. Масруқтың айтуы бойынша, Мүминдердің анасы былай дейді: «...Кімде-кім Мұхаммед (с.а.у) Раббысын көрді деген болса, ол Аллаға қосқан өтіріктің ең ауыры... Бұл мәселені Пайғамбардан алғаш рет сұраған кісі мен едім. Сонда Ол (с.а.у.): «(Миғражда көргенім) Шынында Жебрейіл еді. Оны өзінің табиғи бейнесінде тек Миғражда екі жерде көрдім...», – деген еді. (Одан кейін Айша анамыз Масруққа мына аятты оқып): «Адамның жанары Оны көрмейді, Ол жанарларды көруші» және «Алла тағала адам баласымен тек уахи арқылы немесе перденің артынан сөйлеседі; не бір елші жіберіп, Өз қалауымен уахи етеді. Күдіксіз Ол өте жоғары, хикмет Иесі»[9] деген Алланың сөзін естімеп пе едің...»[10]
    2 года назад
  • [8] Сахих Муслим – (174) – 280, (175) – 283-хадистер.
    [9] Шура сүресі – 51 аят.
    [10] Әнғам сүресі – 103 аят.
    2 года назад
  • Бұл жайында толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады http://islam.kz/kk/questions/aqida-senim/paigambarymyz-migrajda-allany-korgen-be-35/#gsc.tab=0
    2 года назад
  • Өте жақсы уағыз! Мен бұл Арман бауырымды үнемі тыңдап жүремін. Алла одан разы болсын!!!
    2 года назад