Нағыз ұстаз
Нағыз ұстаз

Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, әрине, жалған болатын , өйткені алдыңғы қатарда мұғалім жақсы көрмейтін бір бала бүрісіп отыр еді. Басқа оқушылармен сияқты онымен де былтырғы оқу жылында танысқан.
Сол кездің өзінде-ақ ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын және киімінің лас екенін, ешқашан жуынбағандай иіс шығатынын бақылаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы нашарлай түсті. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екі қоятын жағдайға да жетті. 
Бір күні мектептің оқу жөніндегі орынбасары алтыншы сынып оқушыларының мінездемесіне талдау жасауды тапсырды, мұғалім сүйкімсіз оқушының мінездемесін ең соңына қалдырды. Ол баланың мінездемесін қолына алған кезде төбесіне мұздай су құйып жібергендей болды. 
Бірінші сыныпта оқытқан мұғалім: «Бұл көзі нұр шашқан керемет бала. Үй тапсырмасын таза және ұқыпты орындайды. Оның мұғалімі болу да үлкен мәртебе», - деп жазыпты.
Екінші сынып мұғалімі ол туралы: «Ол ғажап оқушы, оны жолдастары да сыйлайды, алайды отбасында проблема бар: мамасы айықпас дертке шалынды. Шамасы оның үйдегі өмірі өлім мен күреске айналған сияқты», - деген екен. 
Үшінші сынып мұғалімі: «Анасының өлімі оған өте ауыр тиді. Бала барынша тырысады, бірақ әкесі оған еш көңіл бөлмейді. Егер бір шара қолданылмаса, оқуы нашарлап кетуі мүмкін», - деп мінездеме беріпті. 
Ал төртінші сынып мұғалімі: «Баланың оқуға құлқы жоқ. Достары да жоқ. Сабақ үстінде жиі ұйықтап қалады», - депті. 
Мінездемені оқып болған мұғалімнің жүрегі сыздап кетті. Жаңа жылда барлық оқушылар оған жылтырақ қағазбен оралған сыйлықтар әкеліп құттықтап жатқанда, ол бала мыжылған қоңыр қағазға оралған түйіншекті қолына ұстатты. Кейбір балалар күле бастағанда, мұғалім түйіншекті ашып ішінен бір көзі жетпейтін білезік пен түбінде азғантай ғана қалған иіссуды алып шықты да: 
- Қандай керемет білезік! – деді де, құтыны ашып, әтірден аздап үстіне септі. Оқушылардың күлкісі сап тыйылды. 
Сабақ соңында бала жанына келіп, ақырын ғана: 
- Бүгін сізден менің анамның иісі шықты, - деді. 
Бала шығып кеткен соң мұғалім ұзақ жылады. Осы күннен бастап ол тек математиканы, әдебиетті оқытып қана қоймай, балаларды мейірімділікке, жанашырлыққа оқыта бастады. Біршама уақыт өткеннен кейін сүйкімсіз оқушысы өмірге орала бастады. Оқу жылының соңында ол үздік оқушылардың біріне айналды. Мұғалім оқушылардың барлығын бірдей жақсы көрем деп айта бергеніне қарамастан, шындығында ол тек қана бір баланы жақсы көретін.
Бір жыл өткеннен кейін ол өз қағаздарының арасынан хат тауып алды. Ашып қараса, бала «Сіз менің өмірімдегі ең керемет ұстазсыз!»,-деп жазған екен. 
Тағы да бес жыл зулап өте шықты. Бұл кезде мұғалім басқа сыныпқа ауысқан еді. Сөйтсе бұрынғы оқушысы өзінің ең жақсы ұстазы болып қала беретінін жазған екен. 
Тағы да төрт жыл өткеннен кейін мұғалім өз оқушысынан хат алды. Онда өзінің колледжді жақсы бітіріп, университетке түскенін бірітгенін және өміріндегі ең жақсы көретін ұстазын сағынып жүргенін айтыпты.
Уақыт зулап өтіп жатты. Күндердің күнінде мұғалім өз оқушысынан тағы бір хат алды. Оқушысы университетті жақсы бітіргенін, әкесінің екі жыл бұрын қайтыс болғанын және жақында үйлену тойы болатынын хабарлапты. Бала өзінің сүйікті мұғалімін өз тойында ата-анасы отыратын жерден көргісі келетінін айтты. Әрине, мұғаім қуана келісті.
Той болатын күні ол баяғы бір көзі жоқ білезікті киіп, байғұс баланың есіне түсіретін иіссуды сатып алды. Алдынан жүгіріп шыққан бала мұғалімін құшақтай бергенде, мамасының иісі есіне түсіп:
- Менің осы өмірге керектігімді сезінуге, өз күшіме сенуге мүмкіндік бергеніңіз үшін сізге өте ризамын, - деді даусы дірілдеп. 
Мұғалімі көзіне жас алып:
- Қателесесің, керісінше, сен мені бәріне үйреткен. Сенімен жақын танысқанға дейін мен қалай мұғалім болу керек екенін білген жоқпын.., - деді.

Авторы белгісіз

бала тәрбиесі, мейірім, нағыз ұстаз, ұстазар күні, тәрбие тетігі
Қайрат ЖолдыбайұлыҚайрат Жолдыбайұлы
4 жыл бұрын 5746
9 пікір
  • Машалла! Қандай әсерлі оқиға!
    4 жыл бұрын
  • - Бүгін сізден менің анамның иісі шықты, - деді.
    4 жыл бұрын
    • Бүгінде мұғалімдерге көп сын тағылуда, бірақ сол мұғалімдерде осындай балалардың қанаттарын қатайтып, өмірге бейімдеп ұшырып жатыр. Мұғалім мамандығын таңдаған соң оның ащысы мен тұщысына көніп, азғантай ғана жалақыны қанағат тұтып, өз балаларымен қатар, өзгенің баласын да өзегінен теппей баласындай етіп тәрбиелеп отырған әсіресе мектеп мұғалімдеріне ерекше рахмет айту керек.
      4 жыл бұрын
  • Осы күннен бастап ол тек математиканы, әдебиетті оқытып қана қоймай, балаларды мейірімділікке, жанашырлыққа оқыта бастады.
    4 жыл бұрын
  • Керемет оқиға! Шәкірттеріне нағыз ұстаз бола білген осындай кісілер көп болса ғой!
    4 жыл бұрын
  • "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" деген осы екен ғой...
    4 жыл бұрын
  • Sulu
    Аллаға мың да бір шукур, ұстаз болуды бізге нәсіп еткен!
    Аллаға мың да бір шукур, аль-Алим есім-сипатымен шапағат төккен!
    Біле білсек Алланың Өзі, Ұлы Ұстаз,
    ұстаздықты біздерді аманат еткен!
    4 жыл бұрын
  • Sulu
    Ұстаз - туған анадан кейінгі екінші ана, дана ана. Соны ешқашан ұмытпайық!

    " Ұстаз деген қасиетті адам бар, Біле білсең, сенің екі анаң бар. Бұл - сенің туған анаң болса егер, Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

    Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең, Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең. Ұстаз ана болмаса сен өмірдің, Мәні менен мағынасын білмес ең."
    4 жыл бұрын
  • шедевр
    4 жыл бұрын
Блог туралы